azlyrics.biz
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

dna (kz) - dqb lyrics

Loading...

[шумақ 1]
ішімнен қайталап едім
айқайлап айтқанда едім
ашынған дауысым шыққанда
тұңғиықтан мені жоғары көтер! – деп
ішімнен қайталап едім: мүмкін, менде бар қателік
“мені түсінбей кетеді” – деген ойларға беріп қойдым ба орын?
сезімсіз ғаламторға, біздің де қалтамыз толы
тығылмаш ойнап жүрген сөздер астарында, менің айтарым жоқ ей!

[алдыңғы қайырма]
әуен досым, мені талдамайды, бәлкім , маған сай
әрбір ойға бір сарын қалайды, әр + түрлі күйіме, менің қонақжай
ooh, мәңгі мен қалмаймын, ooh, бірақ өлең олай емес
ooh, бір толқында жүректер соқса болды ooh!

[қайырма]
дауысымның қанаты бар! дауысымның қанаты бар!
дауысымның қанаты бар! дауысымның қанаты бар!

[refrain]
самға сен бәрінен биік! самға сен бәрінен биік!
самға сен бәрінен биік! самға сен бәрінен биік!
самға сен бәрінен биік! самға сен бәрінен биік!
самға сен бәрінен биік! самға сен бәрінен биік!
[шумақ 2]
қаңтарда өлген бес жұлдызым аспанда жанып тұр
тілім шерді тарқатып, қырау басқан жүрегім жылап тұр (ей)
бәлкім, айқайлап тұр (ей)
сендердің суық көздеріңе, ниетің жоқ, енді өзгеруге
сондықтан нан пісіруге болады кеудеңде (ей)
қабір үстіндегі құлпытасымда
шексіздік мәңгі + бақи басылады
жалғыздықта мұңайып тұрсаң
келемін ақындардың қаласынан
маған дейін де болған ей, менен кейін де болады ей!
бетпақ + дала үнін шырқап, жететін дауыстар алысқа!

[break]
қаныңда ойнайды әуен, жүректер шулайды білем
қанатын жайған үнім самғайды, самғай береді

[алдыңғы қайырма]
әуен досым, мені талдамайды, бәлкім , маған сай
әрбір ойға бір сарын қалайды, әр + түрлі күйіме, менің қонақжай
ooh, мәңгі мен қалмаймын, ooh, бірақ өлең олай емес
ooh, бір толқында жүректер соқса болды ooh!

[қайырма]
дауысымның қанаты бар! дауысымның қанаты бар!
дауысымның қанаты бар! дауысымның қанаты бар!



Random Lyrics

HOT LYRICS

Loading...