azlyrics.biz
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

ninety one – boyman lyrics

Loading...

кейде көңiл күйге қарамай
түрлi түстi әлемдi аралаймын
үлкенедеп ертегi айтады ұдайы

кiмге сенiп, кiмнен айналайын?

мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
мама, менiң күлкiм мен мұңым
сенен бөлек, кiмге керек?
бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін
созылдым мен
бiрақ биiктiк өлшенбейдi

боймен

шыбық ұстап алған самурай
бақшадан күнде терiп жүредi таңкурай
арман қуалайды, бiраз қиялдайды
бiрақ аяз-ата оны жиi алдайды
ал қазiр қалмады ертегi оның есiне алар
тек анда-санда тасбақа ниндзялар
ол қиялын қоймаған әлi жас-ересек
тек, шыбықтың орнына казiр-желбезектер

бүлiнген бiлiм бәрiнен зиян
бiреуге мүмкiндiк, бiреуге қиял
көп нәрсемен келiсе алмай
естiледi бiр баланың айқайы:
ай-ай, солай иә!

мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
мама, менiң күлкiм мен мұңым
сенен бөлек, кiмге керек?
бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін
созылдым мен
бiрақ биiктiк өлшенбейдi

боймен
(сенен бөлек)

алма кеттi домалап
жер тегiс емес – домалақ
кейде бала болып, ойнағым келедi
жерге жатып алып – жорғалап
күн өтпей шығып кетедi мұртым
сағындым нағашы мамамның кұртын
ал қазiр бәрiн iстеп үлгеруiм керек
әзiрге жоқта қайын жұртым

мен өскен сайын iшiмнен жылаймын
кiмнiң жаны кедей, сол зұлымға бай
мама, мен сиқырға әлi сенгiм келедi!
мама, бұлттар төнсе, күнге де бар себеп!



Random Lyrics

HOT LYRICS

Loading...