orda - belgisiz jan lyrics
[шумақ 1]
қимадым қоштасқанда жанарыңды
мұң шалды+ау сол бiр сәтте қабағымды
түбiнен жүрегiмнiң тулап шығып
бiр өксiк жұлмалады тамағымды
қарақат көздерiңе қарай бердiм
қызығы сол ма дедiм дүниенiң
күйдiрер көлеңкелi өзегiмдi
махаббат неге сонша ыстық едiң!
[қайырмасы]
жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
жарқ етiп, жоқ болдың ғой
қас қағымда, қас қағымда
жарқыраған, өзiңдi қалай табам?
жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған?
белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан
[шумақ 2]
бақтарды сен екеумiз аралаған
ұзатып тастап кеттің неге маған?
жыл құсы секілденіп жылай ұшқан
жете алмай қала бердiм жаным саған
сәулесi айдың түсiп, аймалаған
көзiңдi қарағым+ау қайдан табам?
сүйгеннiң сүйiктiсi болатындай
бақытқа ие болар қандай адам?
[қайырмасы]
жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
жарқ етiп жоқ болдың ғой
қасқағымда, қасқағымда
жарқыраған өзiңдi қалай табам?
жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған
белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан. (2х)
Random Lyrics
- pino relly - mi piaci da morire lyrics
- bill $aber - pdl lyrics
- duwap kaine - no autotune 2 lyrics
- negros com atitude - turquia lyrics
- machine gun kelly - tickets to my downfall lyrics
- blue helix - enemy lyrics
- sxstem - past to present lyrics
- gentleman feat. luciano & ezhel - devam (feat. luciano & ezhel) lyrics
- lizto - bailame lyrics
- jojo "el 25-04" - mbán lyrics