tyngdarman - ешқашан қартаймаймыз lyrics
отырармыз біз де қартайып
біздің кезді әңгіме етіп
есік алдында шалқайып
біздің әнді әндетіп
сұрағанға ақыл айтып асықпай
күн шуағын тұрар шашып жәй
сол кездегі айтар сөзіміз
“құдіретті уақыт+ай”
әлі солай әзілдесіп
отырарсың әнімді естіп
әне бір топ бала өтті
басын изеп сәлемдесіп
ескі таспаларды ақтарып
сенімге толы шақтарды
отырғанда еске алып
немерең келді бес алып
біз ешқашан қартаймаймыз
біз ешқашан қартаймаймыз
біз ешқашан қартаймаймыз
біз сол жиырмадағы жастардаймыз
қартайған түріміз ғана
ішімізде әлі бала
ісіміз де әлі шала
тіпті тісіміз де аздаған
бұл отырған екі қарт емес
ұйытқып жүгіре алу шарт емес
бастысы жымию аспанда
күн шуағын шашқанда
біз ешқашан қартаймаймыз
біз ешқашан қартаймаймыз
біз ешқашан қартаймаймыз
біз сол жиырмадағы жастардаймыз
Random Lyrics
- kid mud - security deposit lyrics
- the brooklyn tabernacle choir - make us one lyrics
- gianni stennis - teen spirit lyrics
- auedabrs - omhg lyrics
- محمد حماقي - yalli zaalan - ياللي زعلان - mohamed hamaki lyrics
- lucas estrada, alex d'rosso & badjack - jaded lyrics
- rajville - chocha lyrics
- серотонин младш (serotoninmladsh) - барбі lyrics
- osaze & marcus - we vibe lyrics
- diizii - stikk stikk lyrics