jeltoksan. – atajurt (из к/ф «лето 1941 года») lyrics
[«atajurt» әндері]
[жұп 1: jeltoksan.]
о, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (м+м+м)
шіліңгір ыстық, сұп+суық айдың нұрында
қайғыдан+мұңнан жердің де жүзі қабарды
сен туып+өскен, бабалар өткен бұрында
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай+и+и+и+и
ай+и+и+и+и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай+һай, ай+һай, даридай
күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (ай)
төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
таппады тыным астында айдың қай батыр? (ай)
таппады тыным астында айдың қай батыр?
[жұп 2: hey monro]
кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (м+м+м+м+м)
түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (ай)
отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
ажал да алыс арайлап атса әр таңың
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай+и+и+и+и
ай+и+и+и+и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай+һай, ай+һай, даридай
сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (ай)
[аутро: jeltoksan.]
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
Random Lyrics
- kristoffer nohr unstad – streng og rettferdig lyrics
- dirty mvp – trapicheo lyrics
- amaury gutiérrez – lo juro lyrics
- space j – lessgo lyrics
- léo ferré – cette chanson lyrics
- timothy dece – labyrinth [jma qualifikation] lyrics
- ross newhouse – sea without blue lyrics
- ruth a harris – tell me lyrics
- snoop cents – молодой гейтс(young gates) lyrics
- isak danielson – love me again lyrics