azlyrics.biz
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

төреғали төреәлі & ерке есмахан – алло lyrics

Loading...

— алло!
— алло! бұл кім?
— кімді іздедің?
— таныдың ба?
— жұлдыз ба едің?
— иə, сенің жұлдызыңмын,
жан ашпаған сырды іздедім.
— кешіріңіз! кім едіңіз?
— бір сұлудың тірегіміз,
əзір бойдақ, басымыз бос…
— бос орынға гүл егіңіз!

— ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
сөйлейді солай неге қыз?
қырық үйден қарауыл болса,
қасыңа қалай келеміз?
кел, сырласайық!
кел, сырласайық!

қосылған солай көп егіз.

— ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз,
қалай біз оңай көнеміз?
бағамды біл, бағалай алсаң,
бағыңа қарай көреміз.
кел, сырласайық!
кел, сырласайық!
қосылған солай көп егіз.
— нешеде еді, шын жасыңыз?
сұлулардың сырласымыз.
— қыздың жасын сұрамайды.
— қай жылғы еді құрдасыңыз?
— құрдастарым келсе жүзге,
менің жасым – он сегізде.

— сізді сондай көргім кеп тұр,
сенбесеңіз, сенсеңіз де.

— жоқ-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз,
қалай біз оңай көнеміз?
бағамды біл, бағалай алсаң,
бағыңа қарай көреміз.

кел, сырласайық!
кел, сырласайық!
қосылған солай көп егіз.

— ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
сөйлейді солай неге қыз?
қырық үйден қарауыл болса,
қасыңа қалай келеміз?
кел, сырласайық!
кел, сырласайық!
қосылған солай көп егіз.



Random Lyrics

HOT LYRICS

Loading...