azlyrics.biz
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

құрмаш махан (qurmash makhan) – аңсарым (ańsarym) lyrics

Loading...

аңсарым (ańsarym) lyrics
[«кездесу мен қоштасу» әндері]

[өлең 1]
сені іздеп күнім жиекке жығылады
қызыл да жасыл дүние құбылады
жанарыма кеп түйір жас тығылады

сезімім тамшы әйнекке ұрылады
сыңар аққудың сыңсиды сынық әні
сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?

[хор]
сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
қайрылмастан рас па кеткенің?

сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
сағым болған менің көктемім

[өлең 2]
алмасып күнмен, көгімде ай қалады
терезесінен көңілдің ай қарады
тарыдай ғана жұмыр жер айналады

мен емес, сені қара түн аймалайды
жарық күнім ең, жылытқан бар ғаламды
жүр екенсің+ау мекендеп қай қаланы?
[хор]
сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
қайрылмастан рас па кеткенің?

сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
сағым болған менің көктемім (о+о+о+о+оу)

[өту]
сағындырған
күнім менің
қайрылмастан рас па кеткенің?

сағындырған (уау+уау+уа)
сағым болған менің көктемім

[хор]
сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
қайрылмастан рас па кеткенің?

сағындырған күнім
сені ойладым бүгін
сағым болған менің көктемім
[соңы]
хо+о+о+о+оу



Random Lyrics

HOT LYRICS

Loading...